Home Басты жаңалық Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығы күнінде  Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери-үрмелі оркестрдің орындауындағы салтанатты-рәсімдік музыкамен  қала басшылығы, ардагерлер кеңесі, саяси партия және қоғамдық бірлестіктер, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, жастар ұйымдары, сондай-ақ қала тұрғындары Республика алаңындағы Тәуелсіздіктің басты символына гүл шоқтарын қойды.

Іс-шара аясында Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері шара қатысушыларының алдында салтанатты маршпен өтті.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…