Алматы, тікұшақ, апат, оқиға
Home Қоғам Алматыда тікұшақ құлап, бір адам қаза тапты
Қоғам - 18.01.2019

Алматыда тікұшақ құлап, бір адам қаза тапты

Алматыда тікұшақ құлап, техниканы тізгіндеген ұшқыш жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Скай Сервис комапинясына тиесілі «Еурокоптер 130» бірмоторлы тікұшақ Алатау шипажайының аумағына құлады. Ол Боралдайдағы аэродромнан «Үлкен Алматы»  ұшып-қону алаңына беттеген екен.

Бортта жалғыз болған пилот Валентин Шитов апаттан кейін аман болғанмен, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған.

Нұрсұлтан Нұрахметов, ІІМ ТЖК  ресми өкілі:

– СК сервис авиакомпаниясының Еврокоптер-130 маркалы жекеменшік тікұшағы құлады. Ол жанған жоқ. Тікұшақ Боралдай Үлкен алматы көлі маршрутымен бара жатқан болатын. Тікұшақта 1968 жылғы ұшқыш болатын. Ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Осы оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Тікұшақ жерге құлағанда жанбаған. Оның омақаса сұлап түсуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…