Home Саясат Айсұлтан Назарбаев бостандыққа шыққаны үшін Ресейдің қауіпсіздік қызметіне алғыс айтты
Саясат - 15.12.2018

Айсұлтан Назарбаев бостандыққа шыққаны үшін Ресейдің қауіпсіздік қызметіне алғыс айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсултан Назарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында Ресейдің құзырлы органдарына алғыс айтқан пост жариялады.

Бұл туралы ресейдің «Взгляд» басылымы хабарлады.

«Мен ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жазбам арқылы алғыс айтқым келеді. Ресей федерациясының Бас прокуратурасына, РФ СІМ-ге, РФ ІІМ-ге РФ Федералдық қауіпсіздік қызметіне алғысым шексіз. Қазір мен толықтай азатпын. Сондай-ақ қандай жағдай болмасын менің әлеуметтік желідегі достарым болып қалғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Менің айтарым көп», деп жазды Айсұлтан Facebook парақшасында.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…