Айжан Байзақова
Home Көзқарас Айжан Байзақова «ағашкалар» мен баласының әкесі туралы айтты
Көзқарас - 10.01.2019

Айжан Байзақова «ағашкалар» мен баласының әкесі туралы айтты

Айжан Байзақова ұлының әкесі өзі сияқты қарапайым жігіт екенін мәлімдеді. Атышулы блогердің айтуына қарағанда, оның әйелі де, сүйікті қызы да жоқ. Басы бос адам. Бұл орайда Айжан ешқашан біреудің отбасын бұзуға немесе дөкей біреуге тоқал болуға келіспес едім деп отыр.

Бұл туралы Байзақова Аман Тасығанның Talk like жобасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Ол – қарапайым жігіт. Ешқандай да саясаткер немесе “ағашка” емес. Елдің бәрі баламның әкесі бір дөкей деп ойлайды. Тіпті, көршілерге дейін сыртымнан: – Әкесі бай, кәрі еркек шығар. Өмірін қамтамасыз етіп берер”, – дейді. Жоқ. Ол – қарапайым мен сияқты адам”, – деген Айжан ол жігітті сүйетінін де жасырмады. – Екеумізді махаббат байланыстырады, – деді ол.

“Әйелі жоқ. Біреудің отбасын бұзбас едім. Ол басы бос адам. Біреудің отбасын бұзған дұрыс емес деп ойлаймын.

Жалпы мен тым еркін адаммын. Егер сенің “ағашкаң” болса, ол саған ақша төлейді, сен еркіндіктен айырыласың. Мысалы, осылай бір жерде ойымды айтып отыра алмас едім, саяхаттай алмас едім, т.б. Ал мен ондайға көне алмаймын. Әйел мен ердің арасында тепе-теңдік болуы керек деп санаймын. Көптеген қыздар әлі күнге дейін осыны түсінбейді. – Керемет қой, пәтерің мен көлігіңді алып береді, шетелге алып шығады, барлығын қамтамасыз етеді, – дейді. Бірақ мұның екінші жағын көрмейді. Шын мәнінде сені тұншықтырады”, – дейді Айжан.

Байзақованың сөзіне сенсек, осы уақытқа дейін бірде бір дөкей оған “тоқал болу” туралы ұсыныс білдірмеген.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…